Жас ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау есебі
<<<БАСЫЛЫМ>>>
Жұмыс жоспары
"Жас Ұлан" бірыңғай балалар - жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі мәтін бойынша – "Жас Ұлан" деп аталады) - Қазақстан Республикасы оқушыларының жаппай қоғамдық ұйымы.
"Жас Ұлан" өз қызметін еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің базасында жүзеге асырады, шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен тығыз жұмыс істейді.
"Жас Ұлан" -өскелең ұрпақты жоғары адамгершілік-рухани құндылықтар, толеранттылық, демократия және өзара түсіністік мәдениеті негізінде қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.
"Жас Ұлан" мақсаты:
- өскелең ұрпақты Отан патриоттарының Қазақстан халқына деген сүйіспеншілігі мен адалдығы, мәдениеті, толеранттылық пен бітімгершілік дәстүрлері, білімге, өзін-өзі жетілдіруге деген тынымсыз ұмтылысы, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына жоғары жауапкершілік пен қатыстылық сезімімен өмірдің үйлесімділігі негізінде тәрбиелеу.
"Жас Ұлан"Міндеттері:
- Қазақстан халқының тарихын, мәдениетін, тілін білу негізінде өскелең ұрпақтың рухани әлеуетін қалыптастыру;
- оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыру, танымдық белсенділікті ынталандыру, жан-жақты балалар шығармашылығы мен әлеуметтік бастамаларды дамыту;
- мектептің педагогикалық процесінің тәрбиелік әлеуетін күшейту;
- ұйым мүшелерін тәрбиелеу және азаматтық қалыптастыру мүддесінде түрлі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды дамыту және әлеуметтік әріптестікті нығайту;
- балалар қоғамдық ұйымының мәртебесі мен беделін, мектеп өміріндегі балалардың әлеуметтік бастамаларын арттыру;
- БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына сәйкес балалардың құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу;
- ұйымның әрбір мүшесінің табысты әлеуметтенуі мен шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау.